384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК президенттік сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

  • 731
  • UPD: 14:15, 10.06.2019

9 маусым күні өткен кезектен тыс президенттік сайлауда Қазақстан сайлаушыларының 70,76 пайызы «Нұр Отан» партиясының кандидаты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді. 

Сайлаудың алдын ала қорытындысын бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров жария етті.

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 9 маусымда өткен президент сайлауында кандидаттар келесідей дауыс жинаған: 

Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы:

Жамбыл Ахметбеков - 1, 83%;

Дания Еспаева - 5, 2%;

Әміржан Қосанов -  16,02%;

Төлеутай Рахымбеков - 3,2%;

Амангелді Таспихов -  2,07%;

Касым-Жомарт Тоқаев -  70,76%;

Сәді-Бек Түгел - 0, 92%.

Дауыс беруге сайлаушылардың 77,4 пайызы қатысты.

Айта кетейік, 9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өткен болатын. Кейінірек «Қоғамдық пікір» институты exit poll нәтижесін жариялаған еді. Exit poll мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинады.

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлына – 3,86%

Еспаева Дания Мәдиқызына – 5,32%

Қосанов Әміржан Сағдирахманұлына – 15,39%

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлына – 3,03%

Таспихов Аманкелді Сатыбалдыұлына– 1,41%

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына – 70,13%

Түгел Сәді-Бекке – 0,86%

дауыстарын берді.

Айта кетейік, ҚР ОСК қорытындысы бойынша аймақтардағы сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы мәліметтер келесідей болды: 

Ақмола облысы бойынша – 83,4 %

Ақтөбе облысы бойынша – 84,9 %

Алматы облысы бойынша – 89 %

Атырау облысы бойынша – 71,2 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 84,9 %

Жамбыл облысы бойынша – 81,3 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 66,3 %

Қарағанды облысы бойынша – 77,3 %

Қызылорда облысы бойынша – 81,6 %

Қостанай облысы бойынша – 84,1 %

Маңғыстау облысы бойынша – 68,9 %

Павлодар облысы бойынша – 81,2 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,8 %

Түркістан облысы бойынша – 84,8 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 68,9 %

Алматы қаласы бойынша – 52,2 %

Шымкент қаласы бойынша – 67,6 %

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 маусымда тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 77,4% сайлау бюллетеньдерін алды.

Хабар 24 телеарнасы