384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде Президентті ұлықтау рәсімі 12 маусым күні өтеді

  • 255
  • UPD: 23:57, 10.06.2019

Кезектен тыс өткен президент сайлауы азаматтарымыздың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент ең алдымен өзіне дауыс берген азаматтарға алғысын білдірді әрі халықтың зор сенімін арқалап отырғанын тілге тиек етті. «Бұл сайлаудың ерекшелігі – оған бірдей үміткердің қатысуы», – деді Мемлекет басшысы. Өйткені қай-қайсысы да маңызды пікір білдіріп, ұтымды ұсыныс айтқан.

Баспасөз конференциясы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев саяси науқанға қатысқан үміткерлерге алғысын да жеткізді. Бұған қоса Президент ұлықтау рәсімі маусымның 12-сі өтетінін мәлімдеді. Ал елдегі проблемаларға келсек, медицинаның сапасы, жалақының төмендігі, экология, ауыз сумен қамтамасыз ету және тағы басқалары басты назарға алынуы тиіс екенін айтты. «Халық бізден осы шешімдерді күтіп отыр. Сондықтан мен Президент ретінде осы жұмыспен міндетті түрде айналысамын», – деді Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы