382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті: Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандар босатылсын

  • 170
  • UPD: 18:23, 12.06.2019
ҚР Президенті: Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандар босатылсын

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы твиттер парақшасында жазды.

«Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет», делінген жазбада.

Хабар 24 телеарнасы