389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан президенті ШЫҰ-ның саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды

  • 467
  • UPD: 23:44, 13.06.2019

Қазақстан Президенті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер, соның ішінде Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы