389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті басталды

  • 981
  • UPD: 15:25, 15.06.2019

Бүгін Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің V саммиті басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда. Кеше президент Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен екіжақты кездесу өткізген болатын. Ал бүгін саммит алдында мемлекет басшысы бірқатар екіжақты кездесу өткізуде. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев «Кохи самон» сарайында Катар мемлекетінің басшысы Шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті. Катар әмірі бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен телефон арқылы құттықтаған болатын. Ал саммитке 12 елдің президенті келгенін айта өту керек, шарадан ақпарат тарату үшін әлемнің әр қиырынан 600-ден астам журналист келген.

Хабар 24 телеарнасы