384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Терроризмге қарсы іс-қимылдың бірлескен тәсілдерін әзірлеу қажет

  • 336
  • UPD: 15:41, 15.06.2019

Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің кезекті отырысы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саммитке 10-нан астам мемлекеттің президенттері қатысты. Олардың арасында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин, Ресей президенті Владимир Путин, Түркия мен Өзбекстанның мемлекет басшылары бар. Биылғы бесінші саммиттің тақырыбы «Қауіпсіз әрі гүлденген аймаққа бірыңғай көзқарас» деп аталады. Саммит барысында мемлекет басшылары Азияны қауіпсіз ету төңірегінде ой бөлісті. Қазақстан президенті де аймақтың тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынысын жеткізді. Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимылдың бірлескен жүйесін әзірлеу мен кеңес шеңберінде арнайы қор құру бастамасын көтерді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимылдың бірлескен жүйелі тәсілдерін әзірлеу – өзекті міндет. Бұл зұлымдыққа қарсы күрес бойынша маңызды міндеттемелер БҰҰ Бас ассамблеясының 73-сессиясында қабылданған кодексте көрсетілген, оны әлемнің 82 мемлекеті қолдады. Сол құжат терроризмнің алдын алу бойынша ұсыныстарды әзірлеу кезінде негіз болса деймін. Және біз форумның жобаларын, бағдарламаларын және өзге де қызметін қаржыландыру үшін арнайы қор құруды ұсынамыз. Мұндай жаңа тетік кеңестің іскерлік қызметін ынталандырады. Адами капиталға инвестиция салу кеңеске қатысушы барлық мемлекеттердің экономикалық әл-ауқатына үлкен серпін бере алады деп ойлаймыз. Бұл тұрғыда Азиядағы этносаралық және конфессияаралық байланысты дамытуға басты назар аудару маңызды.

Хабар 24 телеарнасы