384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев «AIBYN-2019» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанатына қатысты

  • 298
  • UPD: 14:01, 19.06.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанатына қатысты.

Президент әуелі әскери полигонда құрылған далалық лагерь жұмысымен танысты. Ізінше соңғы үлгідегі қару-жарақтардың көрмесін тамашалады.

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны осымен 5 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оған қатысуға еліміздің әр өңірінен 700-ге жуық жеткіншек келген. Дені әскери училещеде білім алатындар. Одан бөлек әскери кафедраларда оқып жатқан студенттер де өздерінің бақтарын сынауға келді. «Жас сарбаз» қозғалысы осыдан 4 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен құрылған. Қазір оған 170 мыңнан аса өрен мүше екен. Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі буынға мол сенім артылып отырғанын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы