383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

  • 207
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

Кездесу барысында мемлекет басшысына Мәжілістің қазіргі жұмыстары, нәтижелері мен заң шығару жұмыстары, сондай-ақ биыл 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізудің дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды сапалы заңдық тұрғыдан сүйемелдеу және заң жобаларын уақтылы қабылдау қажеттігін айтты.

Кездесу соңында Қазақстан президенті бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы