384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста жойқын жарылыс болды

  • 1749
  • UPD: 12:22, 24.06.2019

Түркістан облысының Арыс қаласында жойқын жарылыс болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. Мән-жайды Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов бізге телефон арқылы баяндады. «Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды», – деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілі.

Нұрсұлтан Нұрахметов, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

– Бүгін 9:20-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды.

Хабар 24 телеарнасы