384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент Арыстағы жарылыстың салдарын жоюға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді

  • 288
  • UPD: 02:00, 25.06.2019

Мемлекет басшысы Арыс қаласына барды.

Президент ондағы жаралыстан қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарды аралап көрді. Қасым-жомарт Тоқаевқа эвакуациялық жұмыстардың барысы баяндалып, жарылыс және өрт салдары жайлы есеп берілді. Президент Ішкі істер және Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, кәсіби шеберліктерін көрсеткені үшін алғыс білдірді. Бұдан кейін төтенше жағдай болған аумақтағы эвакуациялық жұмыстарды бағамдап, қауіпсіз жерлерге жеткізілген азаматтардың жағдайымен танысты. Оларды ыстық тамақ және медициналық көмекпен қамтуды тапсырды. Сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігі мен олардың дүние мүлкінің сақталуын жіті назарда ұстауды жүктеді. Әсіресе, балалар қатаң бақылауда болуы керек. Ал Үкімет қала мен оның халқына жан-жақты қолдау көрсету тиіс. Бұдан бөлек Қасым-жомарт Тоқаев сын сәтте тату  көңіл танытқан барлық белсенді азаматтарға алғыс білдіріп, жарылыстың себебі анықталады деді. Кінәлілер болса жауапқа тартылады. Ал Арыс қаласы барлық жарылғыш заттардан тазартылуы керек. Соңында Президент өрт ошағын және жарылыстың салдарын жоюға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы