384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР президенті DP World компаниясының басқарма төрағасымен кездесті

  • 207
  • UPD: 18:09, 27.06.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев DP World компаниясының басқарма төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайемді қабылдады.

Кездесуде тауар тасымалы саласындағы әлемдік кәсіпорынмен әріптестік мәселелері талқыланды. Әсіресе Ақтау және Құрық порттары арқылы серіктестікті жан-жақты дамыту жайы қаралды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сіздің компанияңыздың әлемде беделі жоғары. Алдағы уақытта өзіңіз басқаратын кәсіпорынның Қазақстандағы экономикалық жобаларға тікелей қатысуы біз үшін мол пайда әкеледі деген сенімдемін.

Сұлтан Ахмед бин Сулайем, DР World компаниясының басқарма төрағасы

– Сізбен кездесу мен үшін зор мәртебе. Әлемдегі 40 мемлекетте біз логистикалық жобаларға қатысып келеміз. Осы жолы мен Ресейден келіп отырмын. Ол жақта серіктестерімізбен ғылыми келісім жасасып қайттым. Келешекте Ресейдің Солтүстік және Арктика бағытында логистикалық байланысын дамытқымыз келеді. Жолдың ұзақтығы 11 мың шақырым болмақ. Сол арқылы Лондон, Токия бағыттарына тауар тасымалдау уақыты қысқарады.

Хабар 24 телеарнасы