389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мағзұм Мырзағалиев: Арыста радиация жоқ, ауа мен су таза

  • 569
  • UPD: 07:56, 28.06.2019
<span class=favorites>Мағзұм Мырзағалиев: Арыста радиация жоқ, ауа мен су таза</span>

Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев арнайы өткізілген брифингте Арыстағы радиологиялық ахуал бойынша деректер келтіріп, мәлімдеме жасады.

Министрдің мәліметінше, мамандар Арыстағы ауаны тексеру кезінде оның құрамындағы азот тотығы мен қос тотығы, күкірт мөлшері рұқсат етілген концентрациядан аспаған. Сондай-ақ ауаны ластағыш заттар гигиеналық нормативтердің шекті рұқсат етілген мөлшерден аспағаны анықталды. Сонымен қатар Арыс өзенінде жүргізілген тексерулерге сәйкес, судың да құрамы ластанбаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мырзағалиев мамандар радиологиялық, геологиялық бақылау жүргізген құрал-жабдықтың барлығы 2019 жылдың көктем айларында жаңартылып, тексеруден өткенін алға тартты.

«Арыста радиация жоқ, ауа мен су таза», - деп қорытты брифингті еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Хабар 24 телеарнасы