389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте митинг ұйымдастырған азаматтар анықталды

  • 872
  • UPD: 16:42, 28.06.2019

Шымкент қаласында митинг ұйымдастырған азаматтар анықталды.

Қазір оларға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 274 бабының 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы наразылық шеруіне қатысқандар екі сағатқа созылған түсіндіру жұмысынан кейін тарап, үйлеріне оралған. Олар Шымкент басшылығынан жер телімі мен үй талап етіпті. Айта кетейік, құқық қорғау органдары тарапынан митингке шыққандарға қарсы күш қолданылмады.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Азаматтарды билікке бағынбауға шақырғандарға қатысты істі қозғадық. Процессуалдық шешімді қабылдауға дайынбыз. Рұқсатсыз шеруді ұйымдастырғандардың басты мақсаты не? Бұған келуге не итермелегенін анықтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы