384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді

  • 243
  • UPD: 16:04, 29.06.2019
 
Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларға Президент Әкімшілігінің жаңа Басшысы Қырымбек Көшербаевты таныстырды.

– Қырымбек Елеуұлын бәріңіз жақсы білесіздер. Ол елімізге белгілі, танымал азамат. Қырымбек Елеуұлы – түрлі басқару орталықтарында жауапты қызмет атқарған тәжірибелі басшы. Мемлекетіміздің даму жағдайын жақсы біледі. Тапсырылған жұмыстардың бәрін жоғары деңгейде атқарады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің халықтың әл-ауқатын арттыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, оның қызметінің негізгі басымдықтарын белгілеп берді.

– Біз сайлауалды тұғырнаманың іс-қимылдар жоспары мен басқа да маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға кірісеміз. Президент Әкімшілігі барлық бастамалардың, бағдарламалар мен стратегиялардың мүлтіксіз орындалуына жауап беретініне көңіл аударғым келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы