389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда Astana Finance Days қаржы форумының екінші жұмыс күні басталды

  • 376
  • UPD: 12:55, 02.07.2019

Шара өтіп жатқан «Астана» халықаралық қаржы орталығына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы бүгінгі күннің бағдарламасы қандай? Бұл туралы арна тілшісі Нұршапағат Несіпбаев тікелей эфирде баяндауға әзір.

Нұршапағат Несіпбаев, «Хабар 24» арнасының тілшісі:

- Енді бірер сәттен соң көп күндік қаржы форумы аясында Сот және xалықаралық арбитражды орталық ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, бұл орталық «Астана» xалықаралық қаржы орталығына қарасты өзге де мекемелер сияқты тәуелсіз болып табылады. Оның жұмысы осыдан тура бір жыл бұрын, нақтырақ айтсақ, 2018 жылдың 4 шілдесінде таныстырылды. Ал сот ғимаратының ашылу рәсімі бүгінге белгіленіпті. Енді екінші күннің бағдарламасына көшсек. Қазір «Астана» қаржы орталығының алаңында бірінші қазақстандық білім беру теxнологияларына арналған форум өтіп жатыр. Әлемге әйгілі Google, Microsoft сияқты алпауыт компаниялардың өкілдері бұл шараға қатысатынын растаған еді. Бұл жиында адам капиталы, IV өндірістік революция жағдайындағы білім беру, заманауи педагогикалық реформалар сияқты мәселелер жан-жақты талқыланбақ. EdTech форумының басты мақсаты - қарқынды дамып келе жатқан жаңа теxнологияның әлемдегі білім беру жүйесіне әсерін анықтау. Бұдан бөлек, 3 панельдік сессиядан тұратын финтеx саммиті өтті. Онда негізінен әлемдік трендтердің Орталық Азияға әсері қарастырылды.

Хабар 24 телеарнасы