384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы ашылды

  • 161
  • UPD: 15:31, 02.07.2019

Елордада «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты мен төрелік орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты рәсімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. «Бұл елімізде жүргізілген жүйелік реформалардың нәтижесі», - деді Президент. Себебі, ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейтін сот пен төрелік орталығы бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің аумағында болған емес. «Енді қаржы орталығының келешегі кемел», - дейді шараға қатысушылар. Салтанатты рәсім Төле би есімі берілген тыңдалым залында өтті. Бұдан бөлек, орталықта Әйтеке би және Қазыбек би атты төрелік айтатын орындар да бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Елімізде жүйелік жаңа реформалар жүріп жатыр. Орталықты ағылшын құқығы негізінде құрып, институционалдық өзгерістерді жасап болдық. Осы ретте, Елбасының еңбегін атап өткен жөн. Соның арқасында қаржы орталығы осындай деңгейге көтерілді. Әрі келешегі кемел жобаға айналды. Біз жаңа реформаларды қорықпаймыз. Кеңес Одағының бұрынғы елдері арасында ағылшын құқығы алғаш рет қолданылып отыр. Бұған ең белді деген британдық судьялар көмегін көрсетіп келеді. Осы шара арқылы орталықтың жаңа тарихы жазыла бастады. Енді алдағы уақытта озық деген идеяларды ойлап таба беруіміз керек. Жалпы қазақ даласында сот төрелігі XV ғасырда қалыптасқан. Сол заманда билер төрелік етті. Бүгінгі рәсім сол үш бидің бірі - Төле би залында өтуі бекер емес.

Хабар 24 телеарнасы