389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыстарға қатысты 100-ден астам адамнан жауап алынды

  • 596
  • UPD: 17:01, 03.07.2019

Бұл туралы бас әскери прокурордың орынбасары Дархан Ержанов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Арыс қаласында болған оқыс оқиғаға қатысты күдіктілерді атау әлі ерте. Тергеу жұмыстарының жақында ғана басталғанын ескерген прокуратура өкілдері алғашқы сатыда айғақтар жиналып, келтірілген залал көлемі анықталатынына тоқталды.

Еркін Қожа-Ахмет, ҚР бас әскери прокурорының аға көмекшісі:

– Арыс қаласында орналасқан 44859 әскери бөлімінде бірінші артиллериялық қоймада оқ-дәрілерінің жарылу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел тергеу тобы құралған.

Еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес қару-жарақпен, оқ-дәрілермен, жарылғыш немесе айналасындағыларға аса қауіп төндіретін өзге де заттармен жұмыс істеу қағидалары бұзылып, адам өліміне әкеліп соқса, кінәлілер 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Еркін Қожа-Ахмет, ҚР бас әскери прокурорының аға көмекшісі:

– Тергеудің бастапқы сатысында болған оқиғаның мән-жайларына негізгі назар аударылады. Соның ішінде адамдардың мерт болу салдарын анықтауға бағытталған. Оқиға орнын қарау және іске қатысты құжаттарды алу жүргізілуде. Келтірілген залал мөлшері анықталуда. Осы күнге дейін 100-ден аса адамнан жауап алынған. 

Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы немесе лауазымды тұлғалардың салғырттығы сынды алдын ала болжамдар зерттелуде. Ал апаттың нақты себебі тергеуден кейін ғана белгілі болады. 

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы