389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Baker Hughes, a GE company президенті Л.Симонеллиді қабылдады

  • 251
  • UPD: 14:20, 04.07.2019

Мемлекет басшысы «Джэнерал электрик» компаниясының президенті - бас атқарушы директоры Лоренцо Симонеллиді қабылдады.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканың түрлі саласындағы, соның ішінде машина жасау және энергетика секторларындағы бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысқаны үшін Лоренцо Симонеллиге ризашылық білдіріп, оның компаниясының Қазақстанда жақсы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Түрлі саладағы табысты іс-қимылдар бойынша мол тәжірибеміз бар. Біздің жемісті ынтымақтастығымыз жалғаса береді деп ойлаймын.

Лоренцо Симонелли, Baker Hughes, A Ge Сompany президенті – бас атқарушы директоры:

- Екінші үйімдей болып кеткен Қазақстанға қайта оралу мен үшін зор қуаныш. Біз өз жұмысымызда жаңа салаларды ашып жатырмыз. Қазақстан біздің компанияның әлеуетін тұтас ел аумағындағы инфрақұрылымды дамыту үшін сәтті пайдаланудың жарқын үлгісін көрсетеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы