384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев «Полиметалл» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі И.Финогеновті қабылдады

  • 166
  • UPD: 14:41, 04.07.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Полиметалл» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Игорь Финогеновті қабылдады.

Мемлекет басшысына «Полиметалл» кәсіпорнының Қазақстан мен Ресей нарығында жүзеге асырылып жатқан ірі жобалары туралы мәлімет берілді. Осы тұста Қазақстан Президенті «Полиметалл» кәсіпорнының «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына енуімен құттықтап, компанияның біздің елдегі жұмысына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- «Полиметалл» «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналасқан алғашқы шетелдік компания атануымен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін. Сіздер Шығыс Қазақстан облысындағы Бақыршық кен орнында «Қызыл» жобасын табысты аяқтадыңыздар. Қостанай облысындағы алтын кен орнында да жобалар жүзеге асырылып жатырсыздар.

Игорь финогенов, «Полиметалл» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі:

- «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына енуімізді үлкен жетістік деп санаймыз. Өйткені, бұл Қазақстанда қаржылық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған алғашқы қадамдарымыз. Біз  геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция салуға мүдделіміз, ал биржа бұл үшін жақсы мүмкіндік.

Хабар 24 телеарнасы