384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті «Марубени» компаниясының вице-төрағасын қабылдады

  • 203
  • UPD: 16:42, 04.07.2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Марубени» сауда компаниясының вице-төрағасы Шигеру Ямазоэні қабылдады.

Мемлекет басшысы жапондық сауда компаниясының табысты қызмет атқарып жатқанын атап өтіп, Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысатынына ризашылығын білдірді. 

– Біздің Жапониямен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі ынтымақтастығымызға биыл 25 жыл толды. Біз осы аралықта қарым-қатынастарды жан-жақты кеңейтіп әрі нығайта алдық. Соның ішінде, екіжақты тиімді сауда-экономикалық байланысымыз артты. «Марубени» компаниясы Қазақстан нарығында 1993 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шигеру Ямазоэ Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастардың негізін салған ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыратынына сенім білдірді.

– Біз 30 жылға жуық Қазақстан нарығында жұмыс істеп келеміз. Осы аралықта біз инфрақұрылым, энергетика, көлік салаларына араласып, Нұр-Сұлтан қаласының әуежай құрылысына да қатыстық. Сонымен қатар біз 2007 жылдан бері екі ел достығының символы іспеттес «Хорасан» жобасына да қатысып келеміз, – деді Шигеру Ямазоэ.

Хабар 24 телеарнасы