384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент шетелдік инвесторлар кеңесі отырысын ашты

  • 235
  • UPD: 17:28, 04.07.2019

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатыр.

Алқалы жиынға мемлекеттік органдардың, ұлттық және ірі трансұлттық компаниялардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Олар «Адам капиталын дамыту» жөнінде пікір алмасып, ой өрбітіп жатыр. Қазақстан президенті шетелдік инвесторлар кеңесін құруға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйытқы болғанын айтты.

Тәуелсіздік алған уақыттан бері шетелдік қаржыгерлердің көмегімен елімізге 320 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылған. Бұл – жақсы көрсеткіш. Алайда қазір әлемдік экономика күн сайын құбылып тұр. Сондықтан мемлекет басшысы сауда соғысы өршіген тұста, адам капиталын дамытудың маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

– Түрлі санкциялардың кесірінен әлемдік экономика құлдырай бастады. Өткен жылы тікелей тартылған шетелдік инвестиция көлемі әлем бойынша орта есеппен 27 процентке төмендеп, небәрі 1,1 трлн долларды ғана құрады. Дегенмен осындай қысылтаяң тұста Қазақстан шетелдік қаржыгерлерге қолдау көрсете білді. Соның арқасында былтыр өзге елден тартылған инвестиция көлемі 24 млрд долларға жетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 16 процентке артық.

Хабар 24 телеарнасы