384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

  • 214
  • UPD: 10:41, 13.07.2019
Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 13-15 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанда күннің ыстық болу себебі Ирак және Иран аймағынан үздіксіз түсіп жатқан ыстық және құрғақ ауадан екен.

Демалыс күндері республиканың көптеген облысында максималды температура 35…40 градус ыстық болады. Қазақстанның оңтүстігінде мұнан да ыстығырақ, мұнда күндіз плюс 40…45 градус. Шығыста аздап салқындау, кейбір аудандарда өткінші жаңбыр жаууы мүмкін және күндізгі температура плюс 25-35 градустан жоғары. Сондай-ақ Қазақстанның қиыр батысында атмосфералық фронттардың өтуімен кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр және ыстықтың басылуы болжанады.

Хабар 24 телеарнасы