383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


13 шілде – Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

  • 235
  • UPD: 12:22, 13.07.2019
13 шілде – Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде. 1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құрылды.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, ҰҚК-нің облыстар бойынша, республикалық маңыздағы қала мен елордадағы аймақтық органдары, оларға қарасты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери контрбарлау, ҰҚК-нің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.

Хабар 24 телеарнасы