385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент жеңіл рельсті транспорт құрылысын сынға алды

  • 320
  • UPD: 15:40, 15.07.2019

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев халық ауызында LRT аталып кеткен елордадағы жеңіл рельсті транспорт құрылысын да бүгін сынға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президенттің айтуынша. жобаны бастар кезде архитекторлардың пікірі ескерілмеген. Күні ертең ол өзін-өзі қалай ақтамақ? Себебі, алдын ала жасалған болжам бойынша, жеңіл рельсті транспортпен қатынайтындардың саны қазірдің өзінде жеткіліксіз. «Бұл орайда тағы бюджет қаражатын тиімсіз игеру байқалады», – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

– Халық үшін ыңғайлы әрі үнемді көлік жүйесін салудың орнына аса қымбат жоба ұсынылды. Ол – жеңіл рельсті транспорт құрылысы. Сәулетшілер мен мамандардың пікірі ескерілген жоқ. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, жеңіл рельсті көлік жүйесімен бір тәулікте жүретін жолаушылардың саны 146 000 адам болады. Бұл – болжам. Алайда қазір дәл осы бағытта, яғни әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейін тек 2 000 адам ғана қатынайды. Мен сіздердің жолаушылар санын қалайша 70 есеге арттыратындарыңызды түсінбей отырмын.

Хабар 24 телеарнасы