386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық университет ректорларын Президент тағайындамайтын болды

  • 321
  • UPD: 15:15, 17.07.2019
Ұлттық университет ректорларын Президент тағайындамайтын болды DW

Алдағы уақытта ұлттық университеттердің ректорлары конкурстық негізде тағайындалмақ.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі жеке парақшасында жазды.

«ҚР Білім және ғылым министрі Айдын Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкіметтің қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды президенттің жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», - деді Мемлекет басшысы.

 

Хабар 24 телеарнасы