386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовті қабылдады

  • 291
  • UPD: 16:22, 17.07.2019
Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Асхат Аймағамбетов Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен тағайындау туралы нормативтік құжаттар дайындауды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы