386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлерін мерекелерімен құттықтады

  • 367
  • UPD: 10:14, 21.07.2019
Елбасы металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлерін мерекелерімен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлерін Металлург күнімен құттықтады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

«Бұл мейрам сіздерге деген құрметтің және ерен еңбектеріңізді мойындаудың символы саналады. Кезінде маған маңызды өмірлік тәжірибе берген, қайратымды шыңдаған және сенімді достар табуға септігін тигізген металлург кәсібін таңдағанымды мақтан етемін. Бүгінде еліміздің кәсіпорындарында жоғары білікті мыңдаған металлург – еңбекқор, жауапкершілігі жоғары және мықты азаматтар жұмыс істеуде. Солардың өз ісіне адалдығы мен шеберлігінің арқасында бүкіл еліміздің экономикалық өсімінің берік негізін қалыптастыра алдық», деді Елбасы өз құттықтауында.

Хабар 24 телеарнасы