386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Инспекторларға оқ атқан браконьерлер қолға түсті

  • 288
  • UPD: 08:23, 25.07.2019
Инспекторларға оқ атқан браконьерлер қолға түсті

Полицейлер «Охотзоопром» ӨБ РМҚК Ақмола филиалының инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілерді із суытпастан қолға түсірді.

Жедел іздестіру шаралары кешені нәтижесінде Ақмола облысы полиция департаменті аңшылық шаруашылық қызметкерлеріне шабуыл жасаған күдіктілерді қолға түсірді.

Ұсталғандар Арқалық қаласында тұратын әкелі-балалы болып шықты. 45 жастағы әкесі мен оның 20 жастағы ұлы қылмыстық айғақтарды жою үшін автокөліктен құтылмақ болған. Алайда тәртіп сақшыларының үйлесімді әрекет етуінің арқасында күдіктінің екеуі де Қостанай облысының аумағында ұсталды.

Авторы: Азамат Амангелдіұлы

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы