388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау мақсатында заңнаманы қайта қарау қажет

  • 411
  • UPD: 09:29, 25.07.2019
Қ.Тоқаев: Қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау мақсатында заңнаманы қайта қарау қажет

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қорықшы-инспекторлардың құқығын қорғауды арттыру және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту қажеттігін айтты.

– Қорықшы-инспекторлар Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғау жолында ержүректілік көрсетті. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз. Қ.Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Иманды болсын!

Қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажет, – деп жазды мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы