386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға үш айда өзге мемлекеттерден 500-ге жуық адам көшіп келген

  • 434
  • UPD: 12:14, 26.07.2019
Қазақстанға үш айда өзге мемлекеттерден 500-ге жуық адам көшіп келген Informburo.kz

 

Басым көпшілігі көршіліс Қытайдан қоныс аударған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың саны – 166. Бұдан кейінгі тізімде Моңғолиядан оралғандар тұр. Ұзын-ырғасы 73 азамат. Сондай-ақ Германиядан Қазақстанға 49 адам көшіпті. 239 азамат Алматы қаласы мен Алматы облысына тұрақтаған. Өзгелері елордада тұруды жөн көрген. Аталған үш айда Отанымыздан 910 азамат кеткен. Оның 561-і Германияға көшсе, өзгелері Қытай мен АҚШ-ты таңдаған. Көшу көрсеткіші бойынша алғашқы үштікте Қарағанды облысы көш бастап тұр. Бұл өлкеден шетелге 149 азамат кетсе, Қостанайдан 109, Алматыдан 106 адам басқа мемлекеттерге қоныс аударған. Бұлар негізінен білім алу мақсатында және жұмыс іздеп кеткендер.

Хабар 24 телеарнасы