386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді

  • 250
  • UPD: 15:30, 26.07.2019
Қ.Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Қазақстан Президентіне 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке қаладағы салынып жатқан құрылыс нысандарының қарқынын күшейту, қолжетімді баспана салу, инвестиция тарту ісін жандандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тұрмысын жақсарту үшін бірқатар тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы