386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сібірдегі орман өртінің түтіні Қазақстандағы жеті облысты басты

  • 293
  • UPD: 20:09, 28.07.2019
Сібірдегі орман өртінің түтіні Қазақстандағы жеті облысты басты

Сібірдегі орман өрті өшер емес.

Қайта жалын шарпыған аумақтар ұлғайып барады. Алапат өрттің түтіні батыс пен оңтүстік аймақтарға таралуда. Тіпті біздің елдің Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласына дейін жетті. Салдарынан ауа айтарлықтай ластанған. Аталған өңірлерде оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 6 метрге жететін баяу жел соғып тұр. Ресейдің Якутия, Краснояр өлкесі және Иркутск облысындағы үш миллион гектар жерді өрт шалғанын хабарлағанбыз. Жалынның бағыты енді елді мекендерге қарай ауысып жатыр екен. Сібірдің барлық аумағын бір аптадан бері қою түтін басқан. Ресей билігі өрттен ешқандай қауіп жоқтығын айтып, ормандарды сөндірудің экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрі техникалық жағынан күрделі екенін алға тартып отыр.

Хабар 24 телеарнасы