386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пойыз жолаушысын зорлау фактісі бойынша сот үкімінің заңдылығы тексерілетін болды

  • 217
  • UPD: 11:50, 29.07.2019
Пойыз жолаушысын зорлау фактісі бойынша сот үкімінің заңдылығы тексерілетін болды

Бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов «Нұр-Сұлтан-Ақтөбе бағытындағы пойыз жолсеріктерінің жолаушы әйелді зорлағаны туралы соттың шешімін зерттеймін» деп мәлімдеді.

«Бас көлік прокуратурасы Нұрлы жол-Ақтөбе бағытындағы №98 пойыз вагонында болған жолаушыны зорлау фактісі бойынша қылмыстық іске қатысты деп хабарлайды. Соттағы жарыссөздер барысында прокурор айыптауды толығымен қолдайды және қылмыскерлерді 6 жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұрайды. Сот шешім қабылдады. Қазіргі уақытта сот үкімінің заңдылығы мен негізділігіне тексеріліп жатыр», – деді Сыбанқұлов Facebook-тегі парақшасында.

Жолсеріктер Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязов Нұр-Сұлтан-Ақтөбе бағытындағы пойыз жолаушысын зорлады деп айыпталып, оларға 2 жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілген.

Бұл оқиға зардап шеккен әйел НеМолчи.kz қорына жүгінгеннен кейін қоғамда дау тудырды. Қозғалыс көшбасшысы Дина Смаилова өзінің Facebook парақшасында болған оқиға туралы айтып берді. Оның айтуынша, әйел Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге кетіп бара жатқан. 

Хабар 24 телеарнасы