386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» ән байқауына қатысатын болды

  • 230
  • UPD: 17:04, 29.07.2019
Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» ән байқауына қатысатын болды

Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев биылғы «Junior Eurovision 2019» ән байқауында еліміздің атынан кім өнер көрсететінін атады.

«Қымбатты достар! 

Қазақ баласы «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауына қатысатын болды. Дүние жүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді.

«Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағындағы мүшелігінің нәтежиесінде Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтініші қабылданғанын айта кету керек. Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды. Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді» деп жазды Абаев фейсбукте.

Хабар 24 телеарнасы