385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы арнайы операция кезінде 8 адам тұтқындалды – ҰҚК

  • 290
  • UPD: 11:58, 31.07.2019
Маңғыстау облысындағы арнайы операция кезінде 8 адам тұтқындалды – ҰҚК

Ақтау қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 шілдеде ҰҚК және ІІМ қызметкерлері ұстаған қылмыстық топтың сегіз мүшесі үшін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. 

«Ақтау қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 шілдеде Маңғыстау өңіріндегі қылмыс әлемінің сегіз мүшесі А.Айткалиев, Е.Аркыбай, Ж.Жаңбырбаев, Р.Жексенбаев, Е.Зорбай, Ж.Базарбаев, Д.Бимырза және С.Кенғановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады» делінген ҚР ҰҚК баспасөз хабарламасында. 

Тінту кезінде тұрғылықты жерлерінен және ұсталғандардың өзімен бірге ТТ және Макаров тапаншалары, дыбыс бәсеңдеткіші бар револьвер, «Сайга» мылтығы, үш травматикалық тапанша, тоғыз кесілген мылтық, оларға 160-тан аса оқдәрі, есірткі қзаттары, түрлі суық қару, сондай-ақ 5,6 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат табылды.

Еске сала кетсек, 29 шілдеде ҰҚК мен Маңғыстау облысы ІІМ-мен бірлесіп қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.

 

Хабар 24 телеарнасы