386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Бас прокурорға Алматы облысында жазасын өтеушілерді азаптау деректерін тергеуді тапсырды

  • 326
  • UPD: 14:27, 31.07.2019
Қ.Тоқаев Бас прокурорға Алматы облысында жазасын өтеушілерді азаптау деректерін тергеуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы түзету мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты твит жариялады.

«Алматы обл. Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым.

ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-не ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет» деп жазды Мемлекет басшысы твиттерде.

Хабар 24 телеарнасы