385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

  • 2921
  • UPD: 10:04, 01.08.2019
Білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды Егемен Қазақстан

2019 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды.

Толық тізімді мына сілтемеден жүктеп алуға болады.

2019-2020 оқу жылына 53 785 грант бөлінді. Конкурсқа 64 452 түлек қатысты. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 47%-дан астамы инженерлік, өңдеу және құрылыс, IT-технологиялар саласына бөлінген.

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі абитуриенттердің жекелеген санаттарына қанша грант бөлінетінін жариялаған еді.

ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, байқау нәтижесін Ұлттық тестілеу орталығы, «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» сайттарында және «Байқаудың нәтижесін біл (Узнай результаты конкурса)» телеграм-ботта көруге болады.

 

Хабар 24 телеарнасы