386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорын қабылдады

  • 285
  • UPD: 21:52, 01.08.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент - Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады.

Басқосуда әлеуметтік және білім беру салаларында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берілді. Әсет Исекешев талантты жастарды дамытуға арналған «Ел үміті», сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға бағытталған «Қамқорлық» атты жобаларды таныстырды. Елбасы осы бағыттағы қор жұмысын жандандырып, өскелең ұрпақтың білім алып, қалыптасуына бар жағдай жасау керектігін еске салды. 

Әсет Исекешев, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры:

- Қор жүзеге асырып жатқан жобалар түгелдей әлеуметтік салаға бағытталған. Мәдениет пен ғылымды дамыту, қамқорлық көрсету, жастарды ынталандыру тағысын тағы. Биыл осы салаларда еңбек ететін 20 жас Тұңғыш Президент қорының лауреаты атанды. Соңғы жылдары олардың саны 250-ге жуықтады. Атап айтқанда, Димаш Құдайберген, Сүндет Байғожин сынды жастар лауреат мәртебесіне ие болды. Маусым айында өзіңіз қор жұмысын төрт бағытта жандандыру керектігін айтқан болатынсыз. Сондықтан біз нақты жоспар әзірледік. Мәселен, әлеуметтік салада екі жоба дайын болды. Біріншісі талантты жастарды қолдауды көздесе, екіншісі мүмкіндік шектеулі жандарға қамқорлық көрсетуге бағытталды.

Хабар 24 телеарнасы