386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық банктерді тексеру басталды 

  • 354
  • UPD: 14:58, 02.08.2019
Қазақстандық банктерді тексеру басталды 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстанның Ұлттық банкі халықаралық кеңесшілер және аудиторлық компаниялармен бірлесе отырып, 14 ірі қаржы орталығын тексере бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың активтерінің жалпы үлесі қазақстандық нарықтың 90 пайызын құрайды. Кәсіби мамандар екінші деңгейлі банктердің қарыз беру, дүние-мүлікті кепілге алу сынды басқа да есеп-қисаптарын саралайды. Әсіресе, ревизорлар корпоративті басқару мен бизнес процестерге баса мән беріп отыр. Мұндағы бағалау бағдарламасы Еуропалық Орталық Банктің әдісі бойынша дайындалған. Айта кетерлігі, тексеру жүріп жатқан 14 банктің  жұмысына бұл аудиттің еш кедергісі болмайды.  

Олжас Қизатов, ҚР ҰБ банктік реттеу департаменті директоры:

– Банктер әдеттегідей жұмыс жасайды. Бұл тексерудің күнделікті жұмыс тәртібіне еш кедергісі болмайды. Активтердің сапасын тексеру жұмыстарына орай, мұның алдында біз дайындық шараларын жүргізген болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы