384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі базарда жеміс-жидек бағасын белгілеу кімнің билігінде

  • 719
  • UPD: 09:42, 06.08.2019

Жыл өткен сайын базардағы жеміс-жидек пен көкөніс қымбаттап барады. Мәселен, биылғы жеті айда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3 процентке көтерілген. Бұған не себеп? Базардағы бағаны кім белгілейді? 

Жадыраған жаз мезігілі жартысынан ауды. Дәл осы кезде дәмі тіл үйіретін маусымдық жеміс-жидек пен көкөністің пісетінін білеміз және асыға күтеміз. Дүкен сөрелері де жаңа піскен балғын жеміске лық толады. Тіпті көше бойында жайма базарлар ашылады. Бәрі жақсы. Бірақ тұтынушылар жылдан жылға бағаның шарықтап бара жатқанын айтады. 

БЛИЦ:

- Баға өте қымбат. Мен зейнеткермін. Қалаған жемісті алып жеуге шамам келе бермейді. Мұны екінің бірі ала алмайды. Сондықтан ұзақ сақтауға келмейтіндері көгеріп бұзылып кетіп жатыр. Арзанырақ сатса жөн болар еді. 

- Осы жылы жемістер мен көкөністердің бағасы қымбат болып кетіп жатыр. Сапасы да шамалы келіп жаты. Мен негізі үйде көкөністер сатып алмаймын. Бірақ ата-анам сатып алады. Күн сайын айтып отырады. Осы бағалары көтеріліп бара жатыр деп. Оларға үстерінен тексеріс болмай мекен деп. 

- Мен жақында Шымкентке барып келдім. Бізде Шымкентте помидорларыңыз 60 тг. Міне 550 теңге. Бұл сұмдық енді былай қарасаң. Қауынның келісі 350 теңге. Бізде Шымкентте сиырлар жеп жатыр қазір оны. Бұл не деген сұмдық? Мұны қарайтын адам бар ма өзі жоқ па? Ал біз мақұл шамамыз келеді аламыз. Қарапайым халық не алады? Пенсионерлер не алады? 

Ағамыздың сөзінің жаны бар. Ала жаздайғы уақытын егіс алқабында өткізген диқандар бағаны бұлай шарықтата алмайды. Өйткені бір сәтте піскен жемісі мен көкөнісін тұрақты түрде тонналап өткізетін жер жоқ. Сондықтан амалсыз арзандау болса да қолында қаржысы бар делдалға сатады. Осылайша диқан өсірген өнім дүкен сөресіне жеткенше бірнеше есеге қымбаттайды. Мәселенің бір ұшы осы. Қымбатшылықтың тағы бір себебі көкөністің шет мемлекеттерден әкелінуінде.

Арман Байғанов, экономист:

- Қазақстанда өсірілетін жеміс-жидек пен көкөніс ішкі сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сындықтан сырттан әкелуге тура келеді. Оның үстіне тың технологиялармен жабдықталған жылыжайлардың өзін шет елден сатып аламыз. Оның жолы бар, валюта бағамындағы айырмашылықтар және өзге де шығындар. Барлығы айналып келіп, өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Осылайша баға қымбат. Сондай-ақ шет елден әкелінетін жемістер доллармен алынады. Доллар өскен сайын олардың бағасы да көтеріле береді. бұл нарық заңы.

Сарапшылардың айтуынша, бағаның тұрақтылығын сақтау үшін отандық шаруаларды қолдау керек. Бір мысал. 2004 жылы үкімет алма еккендерге жағдай жасап, қаржыны еселеді. Соның арқасында алма бақтары көбейіп, бүгінде көп жемістің құны өскенмен алманың бағасы қалыпты.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы