386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы жағдайды мұқият бақылап отыр

  • 258
  • UPD: 11:56, 08.08.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы жағдайды мұқият бақылап отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. 

«Қазақстан Президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді», – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фэйсбук парақшасында.

Еске сала кетейік, 7 тамыз күні кешкісін Қырғызстанның арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операция бастаған еді. Ол Атамбаевтің Қой-Таш ауылындағы үйінде жүргізілген болатын. Осыдан кейін бұрынғы президент оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Қырғыз елінің бұрынғы басшысының үндеуі өз бақылауындағы «Апрель» телеарнасында көрсетілді. Онда Атамбаев әскерилерді өз халқына оқ атпауға шақырды. Бұған қоса, атыстан кінәсіз адамдардың зардап шегуіне байланысты өкініш білдіріп, қазіргі биліктің қатыгездігі таңқалдыратынын жеткізді. Сондай-ақ үндеу барысында өзін тұтқындауға жол бермей, аман алып қалған адамдарға алғыс айтты. Бұған дейін ел парламенті бұрынғы мемлекет басшысына бірнеше айып таққан болатын. Егер олар дәлелденсе, Атамбаев өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы