386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Юрий Ильин: Алматы тұрғындары үшін селден қауіп жоқ

  • 203
  • UPD: 14:58, 14.08.2019
Юрий Ильин: Алматы тұрғындары үшін селден қауіп жоқ

Алматы облысында сел жүру қаупіне орай ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қарғалы өзенінің қазіргі ахуалын баяндады.

«Таңғы сағат 6:20-лар шамасында Қарғалы өзені бассейніндегі №1 мореналық көл тасыды. Ол 2015 жылы да төтенше жағдайдың туындауына әкелген еді. Бұдан кейін өзен арнасын тұрақтандыру жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда Алматы арқылы ағып өтетін су мөлшері айтарлықтай қауіп төндіріп тұрған жоқ. Алатау ауданы Рысқұлов даңғылының төменгі бөлігінде өзен арнасын кеңейту және тереңдетумен айналысатын бекеттер орналасқан», – деді Юрий Ильин баспасөз жиынында. Оның айтуынша, қызыл судан оңтүстік астана зардап шекпеуі тиіс.

«Осы сәттегі ақпаратқа сәйкес, Қарғалы өзені бассейніндегі №1 мореналық көл суының төмендеуі байқалады. Секундына 5 текше метр жылдамдықпен жіберілгенде көлдегі су деңгейі 5 метрге дейін түсті. Бастапқы есептеу бойынша 20 мың текше метр су ағызылған. Алдағы 1-1,5 сағат көлемінде плотинадағы жағдайды жіті назарда ұстаймыз. Жалпы, қауіп аймағында 564 нысан орналасқан. Ондағы тұрғындар саны 1 864-ті құрайды. Азаматтарға алаңдауға негіз жоқ. Қауіп сейілді. Сәйкесінше эвакуация тоқтатылды», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы