386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті ЕО-ның Орталық Азиядағы арнайы өкілін қабылдады

  • 145
  • UPD: 22:48, 15.08.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестіктің маңыздылығын айтып, өзара ынтымақтастықты дамытуға күш салатынын айтты. Сондай-ақ Президент еліміз Еуроодақпен ашық диалог орнатуға дайын екенін жеткізді. Петер Буриан да Еуроодақтың жаңа басшылығы Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екендерін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Буриан мырза, сізді елордада көргеніме қуаныштымын. Сіздің сапарыңыз екіжақты ынтымақтастықты дамытуда өте маңызды деп есептеймін. Еуропалық Одақ – біздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерімізді бірі. Дональд Туск мырзаның президент сайлауы қарсаңындағы сапары барысында жасалған барлық мәлімдемелері күшін жойған жоқ. Мен Мемлекет басшысы ретінде Еуроодақпен ынтымақтастықты кеңейтіп, өзара байланысты күшейтуге атсалысамын. Біз Еуропалық Одақ тарапынан конструктивті ұсыныстарды қабылдап,  ашық диалог жүргізуге дайынбыз. Қазақстанның Еуроодақпен тереңдетілген стратегиялық серіктестік туралы келісімшартқа қол қоюы өте маңызды.

Петер Буриан, Еуроодақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі:

– Құрметті Президент мырза, сізбен кездесіп, Дональд Туск Мырза мен Федерика Могерини ханымның жеке сәлемін жеткізуге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғыс білдіремін. Ол сізден алған марапатын өте жоғары бағалайды және 2015 жылы кеңейтілген серіктестікті дамыту туралы келісімге қол қойған сапарын жылы лебізбен еске алады. Ол кездесу екіжақты ынмақтастықты дамытуға үлкен серпін берді. Мен Еуропалық Одақ алдағы уақытта да Қазақстан үшін сенімді әрі мықты серіктестердің бірі болып қала бермек деп айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы