386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада дәстүрлі тамыз конференциясы басталды

  • 222
  • UPD: 11:38, 16.08.2019

Республикалық маңыздағы жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент төрағалық ететін пленарлық отырыста білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер талқыға салынады. Жалпы биылғы конференцияның өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, делегаттар саны екі мың. Мұғалім мәртбесі тілге тиек болып, сауатты шәкірт тәрбиелеудің тың жолдары ұсынылады.

Биология, физика секілді пәндерді жаңаша оқытудың жобасы талқыға түседі. «Теория ғана емес, іс-тәжріибеге жете мән берілуі тиіс», - дейді мамандар. Сонымен қатар еңбегімен ерекшеленген ұстаздарға құрмет көрсетілді. Конференция қалай өтті, нендей шешімдер қабылданғаны жайында келесі жаңалықтарда қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы