385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет басшысы Түркістандағы жаңа автовокзалдың ашылу рәсіміне қатысты

  • 291
  • UPD: 10:33, 18.08.2019

Қысқа мерзім ішінде Арыс қаласында ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгінге дейін құрылыстың 97% аяқталды. 433 тұрғын үй қайтадан салынуда.

Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Асқар Мамин Арыс қаласындағы тұрғын үй секторы мен білім беру және денсаулық сақтау нысандарының қалпына келтірілу жұмыстарымен танысты.  Сондай-ақ Түркістан қаласындағы әкімшілік, тарихи-мәдени және әлеуметтік  ғимараттардың салыну барысын тексерді.

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Асқар Мамин Арыс қаласындағы тұрғын үй, спорт, білім беру жәнеденсаулық сақтау нысандарының қалпына келтірілу жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Үкімет басшысы Арыс қаласындағы шағын және орта бизнес нысандарын аралады. Қалада кәсіпкерлік бағытта қызмет көрсететін 536 нысанның 509-ы қалпына келтіруді қажет етеді. Бүгінге дейін соның 316-ы қайта жөнделіп, жұмыс істей бастады. Сондай-ақ Арыс қаласында 8 637 тұрғын үй болса, соның 7 166-сы жөндеуді қажет етті. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарының 97%  аяқталып, 433 тұрғын үй қайта салынуда. Халықтың да көңіл күйі көтеріліп, қаржылай қолдауға ие болып отыр.

Гүлжанат Атабаева, Арыс қаласының тұрғыны: 

- Менің отбасымда 6 адам бармыз. Соған сай 600 мың теңге ақшамызды алдық. Ешқандай қиындық болған жоқ. Барлығына оңай кәдімгі тәртіппен құжатымызды өткіздік. Ақшамызды да беріп жатқан ақшамыз рет-ретімен алдық. Осыншама көмек беріп жатқан мемлекетімізге, президентімізге рахмет айтамын. Бізді қиын жағдайға қалдырмай халықтың жағдайын ойлап, көмек беріп жатқанына рақмет. Алғыс айтамын. 

Мұрат Қадырбек, Арыс қаласының әкімі: 

- Сонымен қатар қалада 66 әлеуметтік нысандар бар. Оның ішінде 16 мектеп бар, 2 аурухана мен емхана бар. 6 мемлекеттік және 31 жекеменшік балабақша бар. Ол балабақшалардың барлығы осы айдың 20-на дейін аяқталады деп отырмыз. Барлық мектептер 1 қыркүйекке дейін оқу жылына дайын болады. 

Арысқа сапары аясында Үкімет басшысы жергілікті маңызы бар тарихи және сәулет ескерткіші болып табылатын «Арыс-1» теміржол вокзалына да барды. Онда Президентінің тапсырмасы бойынша комиссия құрылды. Комиссия мүшелері тарихи нысанның бастапқы ерекшелігін сақтап қалуын қадағалайды.  Вокзал келесі аптаның соңында іске қосылады. Одан кейін Премьер-Министр Түркістанқаласындағы жаңа автовокзалдың ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа сапаржай тәулігіне 600-ге жуық автобус қабылдап, 10 мың жолаушыға қызмет көрсете алады. Жалпы Түркістан қаласында көптеген нысанның құрылысы жүргізілуде. 

Қосман Айтмұхаметов, облыс әкімінің бірінші орынбасары: 

- Жаңа әкімшілік іскерлік орталығында 16 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Биыл жыл соңына дейін оның 7-уі пайдалануға беріледі. Атап айтар болсақ, қалалық әкімшілік ғимараты, тұрғын үйлер, медиаорталық, ХҚКО, олимпиадалық резерв және музыка мектебі. Ал рухани-мәдени аймақта биыл 5 нысанның құрылысы аяқталады. Олар неке сарайы, амфитеатр, қабылдау орталығы, әуенді субұрқақ, шығыс моншасы.  

Сапар барысында Үкімет басшысы оқушылар сарайы, облыс әкімдігінің ғимараты, медиа орталық, конгресс-холл мен «Нұр-Сұлтан» алаңы, Тұңғыш Президент саябағы, қазақ драматеатры сияқты бірқатар нысандарды аралап көрді. Барлық жұмыс белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екенін ескертіп, құрылыс сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.  

Авторлары: Жандос Жұмабек, Самат Нағашыбекұлы

Хабар 24 телеарнасы