386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа оқу жылындағы оқушылардың демалыс күнтізбесі белгілі болды

  • 474
  • UPD: 12:26, 19.08.2019
Жаңа оқу жылындағы оқушылардың демалыс күнтізбесі белгілі болды postupi.online

ҚР БЖҒМ «Орта білім беру ұйымдарындағы 2019-2020 оқу жылындағы демалыс кезеңдерінің басталуы мен ұзақтығы» туралы бұйрыққа қол қойды.

Оған сәйкес, даталар мынадай болып бекітілді:

  1. 2019-2020 оқу жылының басталуы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі;
  2. Оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптар – 33 апта, 2-11 (12) сыныптар – 34 оқу аптасы.

- күзгі каникул 28 қазаннан 3 қарашаға дейін (7 күн)

- қысқы каникул – 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін (10 күн)

- көктемгі каникул – 21 наурыз бен 2 сәуір аралығы (13 күн)

1 сыныптар үшін қосымша демалыс 3-9 ақпан аралығын қамтиды (7 күн).

Демек, жаңа оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Ақпарат көзі: ҚР БҒМ

Хабар 24 телеарнасы