387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жоғалған альпинистерді ешкім іздестіріп жатқан жоқ – Туристік компания

  • 207
  • UPD: 17:50, 19.08.2019

Жоғалып кеткен алматылық альпинистерді ешкім іздестіріп жатқан жоқ. Бұл жөнінде Ақсай Трэвел туристік компаниясының басшысы бізге телефон арқылы айтты.

Тауға аттанған азаматтар дәл осы агенттіктің қызметін қолданған болатын. Олар Тянь-Шань тауының Қырғызстан жағындағы бөлігінде қиындыққа тап болып, қайтып орала алмай қалды. Елена Калашникованың айтуынша, дабыл белгісі ең алдымен дәл осы фирмаға жеткен. Кейін оқиға орнына тікұшақ аттанып, аумақты тексеріп шықты. Бірақ альпинистерді анықтау мүмкін болмады.

Елена Калашникова, AK-SAI TRAVEL компаниясының директоры:

- Дабыл белгісі ең алдымен бізге келіп жетеді. Оны алысымен іздестіру жұмыстарына кірістік. Оқиға орнын анықтау үшін тікұшақ пен құтқарушыларды жіберілді. Басқа ешкім осы шарамен айналысып жатқан жоқ.

Ал соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның әскери альпинистерінен құралған топ Жеңіс-Қарқара шыңының 2200 метрлік биіктіктігінде орналасқан базалық лагерьге келді. Тау басында ауа райы қолайсыз болуынан тікұшақпен іздестіру жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр. 

14 тамыздан күні бүгінге дейін солтүстік және оңтүстік мұздықтарға жауын-шашын түсті. Тау беткейлерінде қалың қар жамылғысы пайда болған, қар көшкіні жүру қаупі бар. Соңғы рет жоғалған альпинистер 6500 метрлік биіктіктен байланысқа шыққан.

Айта кетейік, AlpineAsia Team секциясының альпинистері Қырғызстандағы Победа шыңында қар үйіндісінің астында қалғанын хабарлағанбыз.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев та қазақстандық альпинистердің тауда жоғалып кетуіне қатысты пікір білдірді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың Қырғызстан тауларында қиын жағдайға тап болған Қазақстан альпинистеріне қатысты мәлімдемесі жарияланды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың хабарлауынша, Қырғызстан тауларында қиын жағдайға тап болған Қазақстан альпинистері туралы Қазақстанның Бішкектегі Елшілігіндегі жедел штабқа хабарласу үшін +996312565376 номеріне қоңырау шалуға болады.

Хабар 24 телеарнасы