386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тянь-Шаньдағы құтқару операциясы: әскери альпинистер Қырғызстанға аттанды

  • 228
  • UPD: 10:42, 20.08.2019
Тянь-Шаньдағы құтқару операциясы: әскери альпинистер Қырғызстанға аттанды

Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін бортында үш әскери альпинист бар тікұшақ Алматы облысының Қарқара лагерінен Қырғызстанға аттанды.

«Бүгін сағат 08:57-де ҚР ІІМ ТЖК Қазавиақұтқаруға тиесілі Ми-171 тікұшағы іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Алматы облысының Қарқара лагерінен Қырғыз Республикасына аттанды. Бортында үш әскери альпинист бар, олар Оңтүстік Иныльчек базасына жеткізіледі. Әрі қарай жаяу көтеріледі. Іздеу жұмыстарына қырғыз альпинистері де қосылады», – делінген ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы