387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan фракциясының қатысуымен Үкіметтің арнайы отырысын өткізу қажет - Тұңғыш Президент

  • 253
  • UPD: 12:49, 21.08.2019
Nur Otan фракциясының қатысуымен Үкіметтің арнайы отырысын өткізу қажет - Тұңғыш Президент

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясының қатысуымен Үкіметтің арнайы отырысын өткізу қажет.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Партияның Мәжілістегі фракциясының қатысуымен Үкіметтің арнайы отырысын өткізуді және қалған мәселелерді талқылауды ұсынамын. Мұнан Үкіметке тек пайда бар. Және де шешілмеген мәселелерге басымдық бере отырып, жұмыстардың нәтижесін жария түрде баяндау керек», - деді Елбасы. Қазақстан Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясы мен Үкімет бірлесе жұмыс істеуі қажеттігін баса айтты.

«Біз бір ортақ мәселені – қазақстандықтардың әл-ауқаты мен еліміздің Тәуелсіздігі мақсатын шешеміз. Бөліп жаратын ештеңе жоқ. Мұндай шешімдер халықтың мүддесі үшін, халық үшін қабылданады. Демек, бұл мәселелерді бірлесіп шешуіміз қажет», - деді Н.Назарбаев.

Хабар 24 телеарнасы