389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасарын қабылдады

  • 257
  • UPD: 22:16, 21.08.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «С5+1» форматындағы кездесуге қатысу үшін елордаға келген АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады.

Тараптар стратегиялық серіктестікті кеңейту, терроризмге қарсы іс-қимылдар, сондай-ақ Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қалпына келтіру жөнінде пікір алмасты. Бұдан кейін екі жақ былтыр Вашингтонда өткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ көшбасшысы Дональд Трамптың кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. Екі ел басшыларының тікелей телефон байланысы туралы келісім бекіген. Қасым-Жомарт Тоқаев сол құжатқа қол қоюға мүмкіндік бергені үшін Америка тарапына ризашылық білдірді. Ал америкалық дипломат Қазақстандағы саяси өзгерістерді, соның ішінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын және демократиялық үдерістерді нығайту жөніндегі Қазақстан Президентінің мақсат-міндеттерін қолдайтынын айтып, оларды іске асыруға көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Нұр-Сұлтан атты елордамызға қош келдіңіз! Екі елдің арасындағы стартегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға арналған құжаттардың маңыздылығын атап өткім келеді. Осы сәтті пайдалана отырып, Президент Дональд Трампқа менің Президент болып сайлануыма орай құттықтау хат жолдағаны үшін алғыс білдіремін.

Дэвид Хэйл, АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары:

– Екі күн бойы жоғары деңгейде өткен кездесулер мен қазақстандықтардың қонақжайлығын ерекше атап өту керек. 2018 жылдың қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп қол жеткізген уағдаластықтар лайықты жалғасын табады деп сенемін. Сол келісімдерді жүзеге асыру үшін осында келіп отырмыз. «С5+1» форматы аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің қатысуымен АҚШ пен Орталық Азия елдері әріптестігігін талқылау жөнінде маңызды кездесулер өтті. Сіздің мемлекетпен байланысты бекемдеу біз үшін өте маңызды. Өткен жылдар бедерінде Тұңғыш Президентеріңіздің бастамасымен жеткен жетістіктер оның сөзсіз көшбасшылығын айғақтайды. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыра бермекпіз.

Хабар 24 телеарнасы